Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Снежана Кашкарова Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында сынға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлде үшін бақ сынады, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Қоссайыс қорытындысы бойынша Кашкарова 161 (70+81) келіні еңсеріп, бесінші орынды иеленді.
- Алтын медальді Қытай спортшысы Лань Синьи жеңіп алды: 170 (77+93) келі.
- Күміс жүлде Солтүстік Корея өкілі Джу Ген Кимге бұйырды: 168 (76+92) келі.
- Қола жүлдені Филиппин спортшысы Александра Диас иеленді: 162 (70+92) келі.
Бұған дейін Таеквондодан Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші медальға ие болғанын жазғанбыз.