"Қазгидромет" 2025 жылғы 28 қазанға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, елдің батысы, шығысы, сондай-ақ оңтүстіктің таулы аймақтары мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын күтілуде.
Ал солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста найзағай, ал батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерде жел күшейеді.