"Қазгидромет" РМК 2025 жылғы 28 қазанда Астанада және Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

28-31 қазанда Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 28 қазанда таңертең және күндіз найзағай ойнап, жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 28 қазанда түнде және таңертең тұман түсу ықтималдылығы жоғары.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда 28 қазанда түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 28 қазанда түнде және таңертең тұман түсіп, төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертен Солтүстік Қазақстан облысының шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 28 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада 28 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК 28-30 қазан аралығында Қазақстанның ірі қалалары, яғни Астанада, Алматыда және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен болатын.