ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылғы 28 қазанда террорлық актінің алдын алу туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сейсенбіде таратылған ақпаратқа сүйенсек:

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында 2025 жылдың қыркүйегінде 5 шетелдік азамат жоспарлаған террорлық актісінің алдын алды. Олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізілуде".

Сонымен қатар, комитет биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынғанын мәлімдеді.

"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеп-тексеру барысы туралы ақпарат жария етуге жатпайды". ҚР ҰҚК

Сол кезеңде ҰҚК материалдары бойынша 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған.

"Жалпы жыл басынан осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 6 адам шетелдік",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Қызылордада полицейлердің заңсыз аңшылықпен айналысқан азаматты ұстағанын жазғанбыз.