"Ақорда" резиденциясында Финляндия президентін қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорданың хабарлауынша, бұл – Александр Стуббтың президент ретінде елімізге алғашқы ресми сапары.
Екі елдің басшылары бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Нью-Йоркте кездесті.
Суоми Қазақстан экономикасына 2005 жылдан бері жарты млрд долларға жуық инвестиция салған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз