Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов 2025 жылғы 28 қазанда Үкіметте өткен брифингте Қазақстанда полиэтилен өндірісін жолға қою жөніндегі жұмыстардың барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол 430 мың полипропилен экспортқа бағытталғанын атап өтті.
"Полиэтилен бойынша 1,25 млн тонна полипропилен өндіріледі. Бұл ауқымды жоба қазір құрылыс кезеңінде. Пиролиз орнату алаңында жұмыстар жалғасуда. Тіпті кестеден сәл озып кету де бар", – деді Жаркешов.
Бұл ретте құрылыстың қызу кезеңінде халықты жұмыспен қамту 15 мың адамды құрайды деп күтілуде. Зауыт құрылысын 2029 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Бұған дейін Қытай және араб компаниялары қазақстандық энергетикалық нарыққа кіре алатындығын жазған болатынбыз.