Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық балуан Сәния Сұлтанғали күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық балуан 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетті, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Шешуші белдесуде ол жапониялық Нана Козукамен күш сынасты. Белдесудің қорытындысы бойынша жапониялық балуан 10:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін еркін күрестен Бекасыл Асамбек алтын медаль жеңіп алған болатын.