"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылдың 29 қазанында Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 29 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 29 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздап нөсер жаңбыр жауады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Оралда 29 қазанда түнде және таңертең тұманның түсу ықтималдылығы жоғары.
Түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың тау асуларындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 29 қазанда аракідік найзағай ойнап, төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 29 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады
Күндіз Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 29 қазанда күндіз найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 29 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі деп күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарындасолтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 29 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша 29 қазанға арналған ауа райының жалпы болжамымен бөліскен болатын.