Шымкент қаласында көне ұлттық спорт түрлерінің бірі — асық атудан Respublica Asyq Atu атты екінші республикалық турнирдің финалы өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 40 үздік ойыншы қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, турнир жеңімпазы автокөлікке ие болса, жүлдегерлерге ақшалай сыйақы табысталды.
Жарыс нәтижесі:
- І-орын — Құлыбек Ғарышбек (Ақтөбе облысы),
- ІІ-орын — Әбілхан Талғар (Түркістан облысы),
- ІІІ-орын — Сламқұл Бақдәулет (Батыс Қазақстан облысы).
Комитет "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңның жаңа редакциясы аясында 11 ұлттық спорт түрі басым бағыт ретінде айқындалғанын, оған асық ату да енетінін нақтылайды.
Бұған дейін Қазақстан регбиден Азия елдері арасындағы Құрлықтық турнирдің чемпионы атанған болатын.