Елде ЛГБТ-ның жарнамасына заңмен тыйым салынуы мүмкін. Мәжіліс мінберінде депутаттар қозғалыстың жұмысын шектейтін құжат дайындауға кірісті, деп хабарлайды 24.kz.

"Мұндай ұйымдар ұлттық құндылықтарымызды таптап, ұрпақ тәрбиесіне айтарлықтай кедергі келтіреді", — дейді мәжілісмендер.

Бастамашы топтың құрамында Еділ Жаңбыршин, Наталья Дементеева секілді депуттар бар.

"Әлемдік және мәдениетті дәріптеу деген норма бар, 34 бап. Онда көпшілік шараларда зорлық-зомбылықты, жалпы порнографияны, басқа да мәселелерді дәріптеу заңмен қуадаланады деген норма бар. Біз соның ішіне басқа жынысты бағытталған, педофилияны дәріптеуге заңмен қудаланады дегенді енгіздік. Қандай да бір шаралар өтетін болса, ол жерде ЛГБТ және басқа да педофилия сияқты қоғамымызға, ұлтымызға жат нәрселерді дәріптеу заңмен қудаланатын болады", — дейді парламенті мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз