Қазақстанда кей банктер пайыздық мөлшерлемесін көтеріп немесе тек серіктестік бағдарламалар арқылы ипотека бере бастады. Ипотека нарығындағы өзгерістер туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені рекордтық деңгей – 18 пайызға көтергеннен кейін көптеген банк нарыққа бейімделу үшін ипотека беруді тоқтатқан еді.

Алайда "Крыша" порталының хабарлауынша, қазір кей банктер жаңа шарттармен ипотекалық несие беруді өнімдер тізіміне қайта енгізе бастады.

"Ипотека нарығы құлдыраған жоқ, бірақ ол айтарлықтай өзгерді. Бұрынғы пайыздық мөлшерлемемен берілетін классикалық бағдарламалар жойылып, олардың орнын гибридті шешімдер алмастыруда: құрылыс компанияларымен серіктестік және кепілмен қамтамасыз етілген ипотека сияқты біріктірілген өнімдер бар", — деп жазады басылым.

Қай банктер ипотека береді:

  • Halyk Bank бастапқы нарықта серіктес ипотекасын ұсынады және жылдық 20-25 пайыз болса да, екінші нарықтағы үйлерге өтінім қабылдауды бастады.
  • "Банк ЦентрКредит" өткен аптада ипотеканы қайта енгізді, бірақ бұл банк те мөлшерлемені 20-25 пайызға көтерді.
  • Freedom Bank әлі де стандартты және каскадты ипотекалық несиелер бойынша техникалық баптау жүргізіп жатыр, жақында банктің сайтында және қолданбасында жаңа мөлшерлемесі қолжетімді болады. Қазіргі таңда "7-20-25" бағдарламасы мен серіктестік бағдарламалар арқылы несие алуға болады.
  • Altyn Bank әзірге бастапқы нарықтағы үй/пәтер алуға серіктестік ипотеканы ғана ұсынады.

Осылайша, қазақстандықтарға ипотека қолжетімді, бірақ қазір оны беру ережелері айтарлықтай өзгерген.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз