Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық жүзгіш Фёдор Диденко қола медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 200 метрге еркін стильде жүзуден финалда сәтті өнер көрсетіп, қашықтықты 01:52.99 уақытта жүзіп өтті.

Бұл сайыста Оңтүстік Корея өкілі Сенву Ко жеңіске жетті. Ал күміс жүлдені Қытай спортшысы Юшугуан Хэ иеленді.