Алматылық "Қайраттың" қақпашысы Александр Заруцкий команда келісімшартын ұзартпайтынына қатысты қауесеттерге пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
AmanVIBE Telegram-каналында "Қайраттың" қақпашысы Александр Заруцкийге қатысты ақпарат жарияланғаны белгілі болды.
"Қазақстанның чемпионы атанған "Қайрат" тәжірибелі қақпашысымен келісімшарт ұзартпауы мүмкін. Александр маусымды негізгі қақпашы ретінде бастады. Алайда жарақаттанып қалған соң, алматылықтар құрамындағы орнынан айырылып қалды. Ол жоқта Темірлан Анарбеков негізгі қақпашы болды. Команда оған үлкен үміт артып отыр", — делінген хабарламада.
Бұл ақпарат бірден отандық БАҚ-та тарап кетті. Алайда Александр Заруцкий көп кідірмей, болашағына қатысты қауесеттерге нүкте қойды.
"Хайп үшін көпшілік жалған ақпарат таратуға да дайын. Хайп ар-намыстан да маңызды болып тұрғаны", — деп жазды футболшы Instagram-дағы парақшасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз