Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров Астанада көз жұмды.
«Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұрыннан таныс адамдардың арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды», – деп мәлімдеді Астана қаласының полиция департаменті.
Күдікті ұсталған, қазір уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ержан Бабақұмаров 2019-2022 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Оған дейін Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР президентінің кеңесшісі болған.