Алматыда әйел адамды өлтіріп кетті, күдікті — марқұмның ұлы, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылғы 30 қазанда таңертең әлеуметтік желілерде Алматыдағы Дунаевский көшесіндегі үйде ұлы анасын өлтіргені жайлы ақпарат тарады.
Қанды оқиғаны Алматы қалалық Полиция департаменті растады.
"Адам өлтіру фактісі бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті – 41 жастағы марқұмның ұлы, ол Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған. Қазір ол ұсталды. Өзге мән-жайлар анықталуда", – деп хабарлады полиция.
Бұған дейін Алматы қаласы әкімінің экс-орынбасарын Астанада өлтіріп кеткенін жазғанбыз.