Алматы әкімінің кеңесшісі Ильзат Акчурин қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбековтің қызметінен босатылғанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Telegram желісіндегі "Госархив" арнасында Алматы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбековтің қызметінен босатылғаны туралы ақпарат жарияланды. NUR.KZ тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сауал жолдады.

Бұл ақпаратты қала әкімінің кеңесшісі Ильзат Акчурин растады. Акчуриннің айтуынша, Азамат Қалдыбеков басқа қызметке ауысуына байланысты лауазымынан босатылған.

"Ол ішкі саясат, мәдениет, спорт, білім, жастар саясаты және дін басқармаларына жетекшілік етті", — деді Акчурин.

Естеріңізге сала кетейік, Азамат Қалдыбеков былтыр тамызда қала әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді. Оған дейін Алатау ауданының әкімі қызметін атқарған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз