2025 жылдың 30 қазанында сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы – 530,07 теңге (+0,11).
Рубль бағамы – 6,63 теңгеге дейін төмендеді (-0,06).
Қытай юанінің бағамы – 74,53 теңге (-1,03).
Валютаны айырбастау пункттерінде доллар 531,5–533,9 теңге аралығында, еуро – 615–620 теңге көлемінде, ал рубль – 6,51–6,63 теңгеге саудалануда.
Өз кезегінде, 30 қазандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
Лондондағы ICE Futures биржасында желтоқсан айындағы Brent маркалы мұнайдың фьючерстік бағасы $0,33-қа (0,51%) арзандап, барреліне $64,59 болды.
Нью-Йорктегі NYMEX тауар биржасында желтоқсан айындағы WTI мұнайының электрондық саудасы кезінде баға $0,24-қа (0,4%) төмендеп, барреліне $60,24 болды.
Таңертең Ұлттық банк мынадай бағам орнатқан болатын. доллар – 530,15 теңге, еуро – 617,47 теңге,рубль – 6,64 теңге.