Елордалық құтқарушылар 2025 жылғы 30 қазанда қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, елордалық ТЖД "112" қызметінің пультіне Байқоңыр ауданында, Ш.Иманбаева көшесінде, 15-қабат деңгейінде парапеттің шетінде адам тұр деген хабар келіп түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД қызметкерлері батыл әрекет ете отырып, көрші пәтер арқылы қауіпті биіктікке шығып, бойжеткенді ойсыз қадамнан бас тартуға көндіруге тырысып, келіссөздер жүргізген.
"Осы уақытта құтқарушылардың тағы бір тобы кез-келген уақытта көмекке келуге дайын болып, автосатының көмегімен көтерілді. Құтқарушылардың кәсібилігі, шыдамдылығы мен жанқиярлығы 1999 жылы туған әйелді парапеттен алып тастауға және қауіпсіз жерге жеткізуге мүмкіндік берді",- делінген ақпаратта.
Осылайша, ТЖМ қызметкерлерінің үйлестірілген әрекеттерінің арқасында ықтимал қайғылы жағдайдың алды алынды.
Бұл ретте, оқиға куәгерлері құтқарушылардың жанқиярлығына тәнті болып, алғыстарын жаудырды.
Бұған дейін Алматыда ірі көлемдегі контрабанда ашылғанын жазғанбыз.