Алдағы үш күнде — 31 қазаннан 2 қарашаға дейін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қар, жаңбыр және жылы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана бойынша болжам

  • 31 қазан: Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +13…+15°C.
  • 1 қараша: Бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, кейін батыстан 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы тәулік бойы +4…+6°C шамасында.
  • 2 қараша: Аспан бұлтты, түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде 0…+2°C, күндіз +3…+5°C.

Алматы бойынша болжам

  • 31 қазан: Аспан бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Түнгі температура +7…+9°C, күндіз +19…+21°C.
  • 1 қараша: Бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, 3-8 м/с. Түнде +4…+6°C, күндіз +9…+11°C.
  • 2 қараша: Аспан ашық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 3-8 м/с. Түнде +3…+5°C, күндіз +12…+14°C.

Шымкент бойынша болжам

  • 31 қазан: Аспан бұлтты, түстен кейін жаңбыр күтіледі. Жел батыстан және оңтүстік-батыстан 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +22…+24°C.
  • 1 қараша: Бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, 8-13 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с. Түнде +6…+8°C, күндіз +12…+14°C.
  • 2 қараша: Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 8-13 м/с. Түнгі температура +3…+5°C, күндіз +17…+19°C.