Ақтаудағы тұрғын үй кешенінде болған газ жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz мәліметінше, қазіргі уақытта ауруханада 52 жастағы ер адам мен 15 жастағы қыз ем алып жатыр.

"Оқиға салдарынан көп дәрежелі күйік алған ер адам әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы өте ауыр. Науқас өкпені жасанды желдету аппаратының көмегімен тыныс алып отыр. Интенсивті терапия жалғасып жатыр", — деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы.

Ал облыстық балалар көпсалалы ауруханасында жасөспірім қыз дәрігерлердің бақылауында екені айтылды. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Еске салайық, 2025 жылғы 28 қазанда Ақтаудағы "Әсия" тұрғын үй кешенінің жертөлесінде газ жарылысы болған еді. Оқиға салдарынан бес адам түрлі жарақат алған: олардың үшеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емдеуге жіберілді, ал екеуі ауруханаға жатқызылды.