"Қазгидромет" РМК 31 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар облыста күн райы бұзылып, кей өңірлерде үсік жүретінін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/c-қа жетеді, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Түнде облыстың орталығында 2 градус үсік жүреді.
Алматы облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с-қа, күндіз екпіні 25 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с-қа жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/c-қа, облыстың солтүстігінде, тау асуларында 23-28 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа, күндіз 15-20 м/c-қа, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз