Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 29 қазандағы қаулысымен мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдері мен өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп алу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, Медеу ауданындағы Пушкин көшесі, 99, 1Г, 1/5 және 1Б мекенжайларында орналасқан төрт жер телімі қоғамдық пайдалануға арналған нысандарды (жаңа қоғамдық кеңістіктер құру және аумақты абаттандыру) салу мақсатында алынады.

Мәжбүрлеп алу мерзімі – 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін деп белгіленген.

Аталған жер телімдері екі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен (ЖШС) алынады.

Сондай-ақ, әкімдік тағы бір қаулы қабылдады. Ол бойынша Медеу ауданындағы Керей-Жәнібек хандар көшесінде орналасқан үш жер телімі мемлекеттік қажеттілік үшін алынып, машина залы мен жүзу бассейні сияқты қоғамдық нысандар салу жоспарланып отыр.

Бұл телімдерді мәжбүрлеп алу мерзімі 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленді.

Жер иелері ретінде көрсетілгендер:

  • "Алатау Холдинг" ЖШС;
  • Алматы қаласы ТЖД-ның "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі;
  • "Chimbulak Development" ЖШС.

Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының "Қала жер орталығы" КМК жер иелерін заңнамаға сәйкес хабардар етуі тиіс.

Сондай-ақ, Жер қатынастары басқармасына:

  • жер телімдерінің иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз ету;
  • мәжбүрлеп алу шаралары аяқталған соң, жер телімдерін Медеу ауданы әкімінің аппаратының балансына беру тапсырылды.