Жаңа Су кодексі еліміздегі су көздерін қорғаудың нақты тетіктерін енгізді. Бұрынғы редакцияда су – қаржылай табыс көзі ретінде ғана қарастырылса, енді ол экожүйенің аса маңызды бөлігі ретінде айқындалды
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Ведомствоның мәліметінше, тұйық бөгеттердің құрылысына толық тыйым салынды (79-бап) Енді шағын өзендерде су өткізу мүмкіндігі қарастырылмаса, бөгет тұрғызуға болмайды. Бұл неліктен маңызды? Себебі тұйық бөгеттер су ағысын тоқтатып, өзен арнасының бітелуіне, тайыздануына және құрғап кетуіне әкеледі. Жаңа талапқа сай, тұйық бөгеттер қайта жаңартылуы керек, не толық бұзылуы тиіс. Ал өзен арналары қалпына келтірілуі қажет. «Экологиялық ағын» — өзендерді қорғаудың басты құралы (39-бап) «Экологиялық ағын» — Су кодексінің ең маңызды жаңалықтарының бірі. Енді әр өзенде қажетті су көлемі міндетті түрде сақталуы керек. Ол суды ешқандай жағдайда алуға рұқсат берілмейді. Бұл өзендердің тартылып, құрғап қалуының алдын алады. Жаңашылдық әсіресе шағын өзендер үшін өте маңызды. Экологиялық ағын не үшін қажет: – балықтардың тіршілігін сақтауға; – өсімдіктерді қорғауға; – өзен бойындағы экожүйенің тұрақтылығына. Өзендерде қанша су қалуы керегін кім анықтайды? (29-бап) Бұл жұмыспен Су ресурстары және ирригация министрлігі жанындағы Ақпараттық-талдау орталығы айналысады. Экологиялық ағын — болжамды сан емес. Бұл гидрологтар мен экологтардың әр өзеннің табиғи су айналымы мен экожүйе қажеттілігін ескере отырып жасайтын ғылыми есебі. Су қорғау аймақтары мен белдеулерін сақтау (85-баптың 2-тармағы, 133, 79, 83, 84-баптар) Ескі кодекс: Климаттың өзгеруіне бейімделу және тасқын суды жинау (2-тарау, 7–10-баптар) нақты шаралар жеткіліксіз болды. жеке тарау арналып, өзен арналарын тазарту және тереңдету, тасқын және еріген қар суын жинайтын қоймалар салу, сондай-ақ құрғақшылық кезеңінде пайдалану үшін суды арнайы рұқсатсыз, бірақ нақты талаптарға сәйкес жинауға мүмкіндік беретін нормалар енгізілді. Өткен жылы өзендер мен көлдерді қалпына келтіру жөніндегі Жол картасы бекітілді. 2027 жылға дейін Қазақстанның 10 өңірінде 51 өзен мен бір көлдің жалпы ұзындығы 815 шақырым болатын учаскелері тазаланады. Жаңа Су кодексі өзендерімізді тиімді қорғауды қамтамасыз етеді. Барлық шешім азаматтардың мүддесін қорғау үшін және қоршаған ортаны сақтау мақсатында қабылданады.