Қазіргі күні келісім бойынша ажырасу кезіндегі төлем 7728 теңгені құрайды .
Қазақстанда қабылдау жоспарланып отырған жаңа Салық кодексінде некені бұзу үшін төленетін мемлекеттік баж салығының жаңа мөлшері жазылған. Ол 5 айлық есептік көрсеткішке (2025 жылы – 19 660 теңге) тең. Қазір Салық кодексінің жобасын Сенат депутаттары қарап жатыр. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектеновтің мәжіліс депутаттарына берген жауабынан белгілі болды.
"Ажырасуға өтініш білдірген ерлі-зайыптыларға арнайы мемлекеттік баж немесе жарна төлеу тәртібін енгізу. Ресми түрде ажырасқан тұлғалар үшін табыс салығының мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру Қазіргі күні жаңа Салық кодексінің жобасы Парламент Сенатында қаралуда. Жобада некені бұзғаны үшін мемлекеттік баж мөлшері 5 АЕК-ке (19 660 теңге) дейін ұлғайтылу қарастырылған", – делінген премьер-министрдің жауабында.
Айта кетейік, қазіргі күні ақы төлеу мөлшері өзара келісу бойынша 7728 теңге, хабарошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе сотталған адаммен бұзу бойынша 386 теңге.
Ranking.kz агенттігінің өткен жылғы зерттеуінше, Қазақстанда ажырасу көрсеткіші 2024 жылдың басында 1000 адамға шаққанда 4,6-ны құрады. Ал 2023 жылы Қазақстанда 120,9 мың жұп неке қиды, бұл 2022 жылға қарағанда 6 пайызға аз. Бұл ең төменгі көрсеткіш екенін айта кеткен жөн. Бұған дейін 2008 жылы халық саны 16 миллион адамға жетпесе де, ресми түрде 135 мыңнан астам жұп неке қиған болатын.
Оқи отырыңыз:
Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемде екінші орында тұр
2024 жылы имамдар 500-ден астам отбасыны ажырасудан сақтап қалған