Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенті әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебайды қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды", – делінген Ақорданың хабарламасында.