Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын аудандық сотында Қытай азаматына қатысты іс қаралды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Сот мәліметінше, биыл 5 маусымда ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған Ю. 29 шілдеде қайта құқықбұзушылық жасаған, яғни заңсыз пайдалы қазбалар өндірумен айналысқан.

Сот отырысында Ю. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірген.

Сот үкімі

Сот Ю.-ды ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 7-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және Қазақстан аумағынан шығару түріндегі жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget