Қазақстан әлем елдерінің ішінде алғашқы болып баламалы дереккөздерді ресми статистикаға енгізді. Жаңашылдық неғұрлым дәл, жедел дерек алуға, сол арқылы мемлекеттік талдау мен жоспарлаудың сапасын арттыруға мүмкіндік бермек. Бұл бастама бүгін Астанада ұйымдастырылған халықаралық форумда айтылды.

Басқосуға Қытай, Сингапур, Грузия, Венгрия, Индонезия, Сербия және ТМД елдерінің статистика қызметтерінің басшылары мен өкілдері қатысты. Олар ұлттық статистикалық жүйелерді цифрлық трансформациялау мәселелерін талқылады. Жүйеге жасанды интеллект технологияларын енгізу жолдары да қаралды.

Мақсат Тұрлыбаев, Ұлттық статистика бюросының басшысы:

- Қазіргі таңда біз әлемдегі елдер ішінде бірінші болып баламалы деректерді ресми статистикалық ақпаратта енгізіп жатырмыз. Бұл заңнамалық түрде бізде бекітілген. Осы баламалы деректерді біз мобильдік ақпарат және фискалды чектерді статистикалық ақпаратта қолданып жатырмыз.