Елімізде John Deere ауылшаруашылығы техникасының 3 мың данасы құрастырылады. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары аясында қолжеткізген келісімінің нәтижесі. Ынтымақтастық қазірдің өзінде оң нәтиже беріп отыр.
Өндіріс іске қосылған биылғы мамыр айынан бері 290-нан астам техника құрастырылған. Жыл соңына дейін тағы 100 техника шығарылады деп жоспарлануда. Стратегиялық келісімнің жалпы құны 2,5 миллиард доллар. Құжат бойынша «АгромашХолдинг» компаниясы бес жыл ішінде кемінде 3 мың заманауи техника өндіреді. Сондай-ақ үш қызмет көрсету орталығын ашу, мамандарды оқыту жүйесін дамыту көзделген.