Түркияның Ялова қаласында атыс болды. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының мүшелері теңіз жағасындағы үйлердің біріне бекінген.

Полиция оларды тұтқындау үшін операция бастағанда, күдіктілер оқ жаудырған. Салдарынан кемінде жеті полицей жеңіл жарақат алды. Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, алты содырдың көзі жойылған. Айта кетейін, өткен аптада Түркия полициясы «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының мүшесі деген күдікпен 115 адамды тұтқындаған болатын. Күдіктілер Рождествода және Жаңа жыл мерекесінде террактілер ұйымдастырмақ болған екен.