Сирияда жаңа банкноталар таныстырылды.

Онда елдің тарихы мен негізгі ауылшаруашылық өнімдерінің белгілері көрсетілген. Билік ақшаны айналымға енгізу экономикалық тұрақтылық пен ашықтықты арттыруға бағытталғанын атап өтті. Банктер банкноталардың жаңа сериясын кезең-кезеңімен шығарады. Ал айналымға толық ену үшін үш айдай уақыт қажет дейді мамандар.