АҚШ-тың бірқатар штатында күн райының қолайсыздығына байланысты 10 мыңнан астам әуе рейсі кешікті.
Flight Aware жүйесі келтірген дерек бойынша, бүгін 2 мыңға жуық ұшақ жолынан қалған. Бұған елдің орталық-батысы мен солтүстік-шығысындағы қалың қар мен боран себеп. Чикаго қаласында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін барған. Аймақта жол-көлік оқиғалары көбейіп тұр. Күннің бұзылуы мереке кезеңімен тұспа-тұс келгендіктен, жергілікті билік азаматтарды мүмкіндігінше қорғанып, сапарларын кейінге қалдыруға шақырды.