Жанұя – береке мен бақыттың ордасы. Кез келген қоғамның алтын діңгегіне айналар маңызды құрылым. Бала үшін де отбасының орны ерекше.
Балдырғандардан бақытты отбасы жайлы ойларын сұраған едік. Тыңдайық.
Блиц 1:
- Менің атам мені өте жақсы көреді. Ол маған кішкентай кезде ертегі және өлең айтып берді. Мен Отанды және отбасымды жақсы көремін.
Блиц 2:
- Мен үшін отбасы деген менің әкем, анам, қарындасым. Менің отбасым бақытты.
Блиц 3:
- Сыйлау керек, қамқор болу керек. Үлкендердің айтқанын тыңдау керек. Ананың айтқанын тыңдау керек, көмектесу керек. Өз отбасыңа өте қамқор болу керек.
Блиц 4:
- Менің ойымша, жақсы отбасы әке мен ананың ұрыспауы және өз ұлдарын-қыздарын дұрыстап өсіру.
Блиц 5:
- Отбасыда тату болу керек, бірін бірі сыйлау керек. Бір-біріне көмектесу керек. Мысалы анама көмектесемін, ол шаршайды. Жұмысқа барады. Сондай-ақ бізге тамақ анау-мынау жасауы керек. Сол үшін біз анаға немесе әкеге көмектесуіміз керек. Мысалы, үй жинап, тамақ жасау. Сондай-ақ біз ешқашан ұрыспау керекпіз.