7 қыркүйекте бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бес қазақстандық боксшы ел намысын қорғайды .
Күндізгі бағдарлама Астана уақытымен 15:00-де басталады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
55 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан мексикалық Брайан Ортиспен жұдырықтасады.
80 келіге дейінгі салмақта Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Матвей Ражбамен (Украина) кездеседі.
Кешкі бағдарлама Астана уақытымен 22:00-де басталады
Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) өзінің әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегін Элис Глинға (Ұлыбритания) қарсы өткізеді.
70 келіге дейін Наталья Богданова үндістандық Санамача Чокчоммен қолғап түйістіреді.
Ал 65 келіге дейінгі салмақта Ертуған Зейнуллиновтың алғашқы қарсыласы Уго Грау (Франция).