Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында IBA ұйымдастырған әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бүгін, яғни 8 желтоқсан күні байрақты бәсекеде ел намысын жеті боксшымыз қорғайды. Олардың арасында Қазақстанның 8 дүркін чемпионы, Азия және әлем чемпионы, ұлттық құрамадағы жасы ең үлкен Теміртас Жүсіпов те бар.
Күндізгі сессия
Күндізгі сессиядағы жекпе-жектер 18:00-де басталады.
Санатәлі Төлтаев(67кг) — Касио Сантос Оливьера(Бразилия)
Ерасыл Жақпеков (80 кг) — Джамбулат Бижамов(Ресей)
Нурмугамед Юсупов (92кг) — Энмануль Рейес (Испания)
Нұрлан Сапарбай (92+) — Иман Рамизанпурделвар (IBA-PRO)
Кешкі сессия
Әлем біріншілігінің кешкі сессиядағы кездесулері 22:00-де басталады.
Теміртас Жүсіпов (48 кг) — Девендра Сингх Саланди (Үндістан)
Сабыржан Аққалықов (75 кг) — Таухиримати Тохерри-Халлит (Жаңа Зеландия)
Серік Теміржанов (60 кг) — Эндрю Чилата (Замбия)
Халықаралық бокс ассоциациясы ұйымдастырған әлем чемпионаты 3-13 желтоқсан аралығында өтеді.