Қарашаның аяғына дейін "Қызыл-Жар СК", "Жеңіс" және "Шахтер" футбол клубтары жекешелендіріледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Астанада спорт инфрақұрылымын дамыту және бұқаралық спортты қолдау мәселелері туралы Үкімет отырысы өтті. Жиында баяндама жасаған Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория қарашаның аяғына дейін жеке меншікке тағы үш клуб өтетінін мәлімдеді.

Олар — "Шахтер", "Жеңіс" және "Қызыл-Жар СК" футбол клубтары. Бұл жұмыстарға тартылған инвестицияның жалпы көлемі 45 млрд теңгеден асады.

Бұдан бөлек "Елімай" футбол клубы коммерциялық емес акционерлік қоғам түріне ауыстырылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget