Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік аудиттен кейін 28 адам жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін ветеринариялық, фитосанитариялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты бірқатар лауазымды тұлға, маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл саладағы тексеріс биыл тамызда өткізіліп, нәтижесінде түрлі заңбұзушылықтар мен кемшіліктер анықталған.
Осылайша 28 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды:
- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі: Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры, ғылыми қамтамасыз ету, ішкі сауда және микрокредиттеуді мониторингтеу басқармаларының басшылары;
- Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті: Комитет төрағасының орынбасары, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және биологиялық қауіпсіздік басқармаларының басшылары, "Республикалық ветеринариялық зертхана" ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары;
- Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті: Комитет төрағасының орынбасары, Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекцияның бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы;
- "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ: Ауыл шаруашылығы өнімдерін есепке алу және сақтау департаментінің директоры, басқарушы директор — басқарма мүшесі; Қазақстан егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты: Басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары, бас экономист, бас бухгалтер, майлы дақылдар зертханасының меңгерушісі;
- Қазақстан қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты: бас ғылыми қызметкерлер, бас инженер, Семей филиалының бухгалтері;
- С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті: Ғылым және инновациялар департаменті директорының орынбасары;
- "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы: Кредит беру және активтерді басқару департаментінің директоры;
- "Тобыл" ӘКК: инвестициялық жобалар және индустриялық аймақты дамыту департаменті директорының м.а.;
- "Солтүстік" ӘКК және "KOKSHE" ӘКК жауапты қызметкерлері. Жүргізілген аудит қорытындылары бойынша берілген басқа да тапсырмалардың орындалуы бақылауда болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!