Бірер күн бұрын танымал әнші Наркенже Серікбаева Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының директоры өзіне қысым көрсеткенін айтқан еді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Алайда, әнші көп ұзамай әлеуметтік желіде филармония басшысымен татуласқанын мәлімдеді.

Өнер иесінің қызы Жансая Серікбаева анасының не себепті мұндай қадамға барғанын түсіндірді. Оның айтуынша, Наркенже Серікбаева ел ағаларының сөзінен аттап кете алмаған.

“Қайырлы кеш, менің оқырмандарым.

Ия соңғы үш күндіктегі жағдай бәріңізді селт еткізбей қоймағаны анық. Мен Анаммен әрқашан мақтанамын, бұл жолыда ерлік жасап ешкім қозғай алмай жүрген, қоғамның басты дертін қозғады. Бұл әрине барлық мекеме басшыларына сабақ болғаны сөзсіз. Барлық әлеуметтік желіде біреуіңіз, жақтасаңыздар, біреуіңіз даттап жатырсыздар, Енді келіп, блогер, журналист сымақтар хайп қуалап анамды мазаққа айналдырып жатыр, мейлі біз қашанда мықтымыз. Бұл сынақтан да ойнап-күліп бас көтеріп өтіп кетеміз.

Бұл жағдай бізге кімнің кім екенін танытты, бұрыңғыдан да шыңдай түсті. Біздің қоғамның әлсіз жері де осы басқа басқа біреуді жерден алып, жерге салып табалауға шеберміз. Мейлі халық не демейді? Мен бәрін Аллаға тапсырдым. Дегенмен менің көргенім басқа дүние, анама қолдау көрсету үшін осы мәселе барысында анамның жанынан табылдым. Жан жақтан белгілі ел ағалары келіп:

— Наркенже қарындасым, кешірімді болайық деп екі тарап келісімге келіңдер дегенде, Анам көрегендікке салынып, ел ағаларының сөзінен аттап кете алмай біздің тарапымыздан кешірім берілді. Негізі бұл жағдай резонанс тудырды. Сол жерде тұрып, менде анама ренжіп:

— Неге кешірдіңіз? Неге соңына дейін бармадыңыз? деген сұрақты менде қойдым. Сол кезде анам

— Саяш, Алладан үлкен емеспіз, үлкен басымен ел ағалары алдымызға келіп тұрғанда кешірім бермесек, біздің адамгершілігіміз қайда қалды? —деп, тоқтатты. Осылай екі жақ ортақ шешімге келдік”, — деп жазды ол.