Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Ливерпульде өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған спортшымыз Оңтүстік Корея өкілі Мун Каенге қарсы рингке шығып, жекпе-жектің алғашқы минуттарынан-ақ басымдықты өз қолына алған. Екінші раундта да қарқынын бәсеңдетпей, қарсыласын қыспақта ұстаған.

Төрешілер шешімімен 5:0 есебімен айқын жеңіске жеткен Балқыбекова енді жартылай финалға шығу үшін келесі қарсыласымен күш сынасады.