Қызылорда облысында Президент Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды.

Өңірде инвестиция тарту, цифрлық технологияларды енгізу, агросаланы дамыту бойынша нақты жобалар қолға алынған. Бұл кәсіпорындардың бірқатары жасанды интелект технологияларын енгізеді.

Соңғы 3 жылда Қызылорда облысына 1,6 трлн теңге инвестиция тартылған. Тек биылдың өзінде 631 миллиард теңгеден астам жобаны шетелдік компаниялармен бірлесіп жүзеге асыру жоспарланып отыр. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев салада атқарылып жатқан игі бастамалардың бірқатарына тоқталып өтті.

Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:

- Бізде сантехникалық бұйымдар шығаратын болады. Ол Үкіметтің қолдауымен елімізде алғаш рет жүзеге асайын деп жатқан жоба. Кореялық компания тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін 892 млрд теңге тұратын 1100 мегабат электр энергиясын шығаратын болады. Оның да қазір жер телімдері берілді.

«Өңірде өңдеу өнеркәсібі саласына құйылған инвестиция көлемі де 4 есеге жуық артып отыр. Жаңа кен орындарын анықтау мақсатында геологиялық барлау жұмыстары да жалғаса береді. Сонымен қатар су арналарын цифрландыру, агросаланы әртараптандыруға басымдық берілмек. Ал Сексеуіл-Бейнеу бағытындағы жолдың қазір техника экномикалық негіздемесі дайындалып жатыр», — дейді мамандар.

Жәнібек Сыздықов, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда өңіріміздің орталығынан, шығысынан және Қытай Халық Республикасынан Маңғыстау қаласына жалпы 900 шақырымдай үнемдейміз. Яғни 2 тәулікке дейін үнемдеуге болады.

Өңірде алдағы уақытта бірқатар өндіріс орындары іске қосылады. Олардың қатарында түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау, айна шығару, вагон жөндеу кешені секілді жобалар бар. Бұл кәсіпорындардың бірқатары жасанды интелект технологияларын енгізеді.

Нұрлан Жақыпбеков, Ақан Әлиев