Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қалашығында бес жатақхана салынады.
Бүгін капсула салу рәсімі өтті. Аумағы 66 мың шаршы метр болатын нысан бес мың орынға лайықталған. Онда студенттер, магистранттар мен докторанттар тұрады. Жатақханада оқу залы, асхана, демалыс бөлмелері мен конференция залы қарастырылған. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жүзеге асады. Қытай компаниясы 44 миллиард теңгеге жуық инвестиция құйып отыр. Құрылыс жұмыстары алдағы жылдың қаңтар айында басталып, бір жылда аяқталады деп жоспарланып отыр.
Жансейіт Түймебаев , Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ ректоры:
- Ең үлкен университет болғанымен 6 мың ғана төсек. Сондықтан, ол жетіспейді. Біз осыларды салған кезде барлығын қамтамасыз етеміз деген ойдамыз. Осы 5 жатақхананың тысында қалашықта 6 жатақхананың құрылысы жүруде. 6 жатақхана 9 қабатты. Шамамен 5 жарым мың орындық. Яғни осы 11 жатақхана салынып біткен кезде студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету проблемасын шешеміз деген ойдамыз.