Жыл басынан бері елде 12 есірткі лабороториясы анықталған.
Заңсыз зертханалардан 1 тоннадан астам синтетикалық зиянды заттар тәркіленді. Есірткі қылмысына қарсы күрес жұмыстары мен оларды таратқандарға қарсы жаза күшейсе де, статистика азаяр емес. 9 айдың ішінде тәркіленген есірткі көлемі 9 тоннадан асып жығылады. Бұл былтырғымен салыстырғанда 35 пайызға көп. Синтетиканың саудасы әсіресе әлеуметтік желілерде қызып тұр. Ішкі істер министрлігі биыл түрлі платформаларда есірткі сатқан 750 адамды құрықтаған. Оның 32-сі сол сайтты басқарып отырған азаматтар.
Бахытжан Әмірханов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма басшысы:
- Биылдың өзінде 26 мыңға жуық теріс контент анықталды. Оның 6 мыңдайы бұғатталды. 35 мың карт счеттар бұғатталды жарым миллиардқа. Онлайн платформаларға келетін болсақ, 60 пайызы телеграм арасынан келіп тұр. Метта тағыда басқа бұндай желілермен келісім жүргізілген. Жұмыс жүріп жатыр.