Қостанай облысыазір дәнді дақылдар алқабы толық жиналды.

Астық түсімі гектарынан 16,5 центнерден келеді. Бұл кейінгі он жылдағы рекордтық көрсеткіш. Биыл облыстаалды гектарынан 60 центнерге дейін астық алған шаруашылықтар бар. Жалпы биыл Қостанай облысы 6 млн 734 мың тонна астықты қамбаға құйды. Бұл былтырғы көлемнен біршама көп.

Мұрат Оразбеков, шаруа:

- Жоғары өнім алуымызға бірнеше алғышарттар септігін тигізді. Былтыр сол алқапта дәнді жасымық ектік. Ол топырақты азотпен байытады. Күзде жерді тыңғылықты өңдедік. Сосын тұқым таңдауға аса мән бердік. Ылғалдан да кенде болғанымыз жоқ. Бірақ соның ішінде ең маңыздысы — кәсіби мамандардан тұратын ұжым еңбегінің жемісі деп білемін.