«Astana Media Week — 2025» медиа апталығы аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Kcell» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат журналистердің кәсібилігін дамытуға, халықтың медиасауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ елдің медиа саласына заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізуге бірлескен бастамаларды іске асыруды мақсат етеді. Astana Media Week — 2025 жұмысы бүгін де жалғасып жатыр. Бағдарламаға бойынша қатысушыларға арналған түрлі шеберлік сабақтары өтеді.
Жанна Жайлаубайқызы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ ректорының кеңесшісі:
- Бүгін панельдік сессияда спикерлер контент, оны монитизациялау, отандық киноиндустрияны дамыту тақырыбында пікір алмасты. Сала мамандары стримингтік платформаларды пайдаланушылар жыл сайын көбейіп келе жатқанын атап өтті. Осы тұста отандық кинофильмдер мен сериалдарды шетелдік нарыққа шығарып, монетизациялау жайлы түрлі ой-пікірлер айтылды. Түстен кейінгі сессиялар «Цифрлық дәуірдегі телевизияның трансформациясы», «Жасанды интеллект дәуіріндегі журналистиканың маңыздылық үшін күрес» тақырыптарына арналған.