Владимир Зеленский ертең Флоридада Дональд Трамппен кездеседі.
Бұл ақпаратты Зеленский кеңсесі растады. Кездесу барысында Киевтің қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты құжаттар талқыланады. Владимир Зеленский Украина бойынша 20 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспарының 90 пайызы дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол түпкілікті бейбіт келісім Украина, АҚШ, Ресей және Еуропалық одақтың ортақ шешімімен ғана қабылданатынын атап өтті.