АҚШ президенті Дональд Трамп CBS телеарнасына берген сұхбатында Вашингтонның ядролық қаруды сынақтан өткізу ниетін ресми түрде растады. Алайда ол нақты қандай сынақтар туралы сөз болып отырғанын ашып айтпады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бізде әлемдегі ең көп ядролық қару бар. Ресей – екінші орында, ал Қытай үшінші, бірақ олар бес жылдан кейін бізге жетуі мүмкін. Олар өте жылдам дамып келеді. Сондықтан денуклеаризация мәселесінде нақты шаралар қажет. Бізде бұл қару әлемді 150 рет жаруға жетеді», деді Трамп.

Президенттің айтуынша, ядролық сынақтар «олардың қалай жұмыс істейтінін көру үшін» қажет. Трамп сондай-ақ Ресей мен Қытайдың да мұндай сынақтарды жасырын түрде жүргізіп отырғанына сенімді екенін айтты.

«Ресей мен Қытай да сынақтар өткізеді, бірақ олар бұл туралы ашық айтпайды. Біз – ашық қоғамбыз, мұны жасырмаймыз. Егер олар сынақтар өткізсе, біз де өткіземіз. Өйткені бәрі де соны жасап отыр», деді АҚШ басшысы.