Каспий итбалығының қырылуына вирустық инфекция себеп болуы мүмкін.
Түпқараған ауданында жағажайды зерттеген мамандар «иммунитеті әлсіз итбалықтар шамамен 1 ай бұрын теңізде өлген, өлекселер күшті дауылдан кейін жағалауға шығып қалуы ықтимал» дейді. Еске сала кетсек, 3 қарашада Баутино мүйісінен 112 өлі итбалық табылды. Балық инспекторлары оларды жинастырып, арнайы полигонда жойды. Теңіз жағалауын бақылау жұмыстары әлі де болса жалғасып жатыр.
Қонарбай Базарбаев, облыстық балық инспекциясы басқармасының басшысы:
- Бүгін жел. Ауа райы әлі қолайсыздау болып тұр. Құдай қаласа, ертең тағы мониторингке шығамыз. Мониторинг күнделікті жүргізіліп тұрады. Мүмкін 112 дана деген өзгеруі де мүмкін, көбейіп. Қазіргі таңда анықталған 112 итбалық өлексесі жергілікті атқарушы органмен полигонға апарылып, жойылды. Қазір жағалау толықтай тазартылды.