Президент Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық сенатор Стив Дэйнсті қабылдады. Кездесуде Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық пен парламенттік дипломатияның рөлі талқыланды.
Мемлекет басшысы сенатордың елімізге деген достық ниетін атап өтіп, Республика күніне орай Конгрестің ресми мәлімдемесі үшін алғыс айтты. Бұл екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің айғағы екенін жеткізді. Тараптар екіжақты қатынастың басым бағыттары жөнінде пікір алмасып, өзара серіктестікті нығайтуға дайын екенін растады. Кездесу соңында Президент Стив Дэйнсті Қазақстан мен АҚШ арасындағы достықты дамытуға қосқан үлесі үшін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдағанын айтты.