Қазақстанда ресми түрде жаңа кәсіби мереке – кәсіпкерлер күні белгіленді.

Биылдан бастап 29 қазан ресми түрде кәсіби мереке – Қазақстан кәсіпкерлері күні болып белгіленді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұйрыққа 30 шілдеде қол қойған.

Бұл күнді таңдау маңызды тарихи оқиғаға байланысты. 2015 жылғы 29 қазанда бизнесті қолдау жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясаттың базалық қағидаттарын қалыптастыра отырып, кәсіпкерлік, инвестиция, бәсекелестік және мемлекеттік бақылау саласындағы негізгі заңнамалық актілерді шоғырландырған Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі қабылданды.

Бүгінде елімізде 2 миллион 300 мыңнан аса бизнес субъектісі тіркелген.