Батыс Қазақстан облысында банк шотын заңсыз иеленіп, рұқсат етілмеген төлемдер мен ақша аударымдарын жасау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылар жастарға уақытша табыс табу ретінде екінші деңгейлі банктерден өз атына шот ашуды ұсынған. Интернет банкингтің мобильді қосымшалары орнатылғаннан кейін шоттарға кіру күдіктілердің бақылауына өткен. Мұндай әрекетке қатысқандар, яғни дропперлер 200-ден 350 АҚШ долларына дейін сыйақы алып отырған.

Олардың атына ашылған шоттар арқылы интернет алаяқтықтан түскен қаражат аударылып отырған. Заңсыз айналымдағы қаражаттың жалпы көлемі 17 млн теңгеден асқан.

"Бір дроппер банк картасы бұғатталғаннан кейін заңсыз әрекетке қатысудан бас тартқан. Қылмыстық топтың қатысушылары оны күштеп ұстап, қорқытып, шотқа қайта кіргізіп беруді талап еткен", — деді ҚМА өкілі.

Қазір ұйымдастырушы күдікті ретінде танылып, сот санкциясымен қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget