Алматыда 13 адамның A/H3N2 вирусын жұқтырғаны анықталды. Дәрігерлер бұл штамды «Гонконг тұмауы» деп те атайды. Науқастардың көбі жүкті әйелдер. Олар қазір қажетті ем-дом алып жатыр. Бұл туралы Аймақтық коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында белгілі болды.
Жалпы өткен аптада 23 мың алматылық тұмау жұқтырған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 18 пайызға жоғары. Ал эпидемиологиялық маусым басталғалы 113 мыңнан аса адам тұмауға шалдыққан. Олардың дені балалар. Сондықтан дәрігерлер жеке бас гигиенасын қатаң сақтауды ескертіп отыр. Ал емханалар мен ауруханаларда маскалық тәртіп енгізілген. Қыркүйектің соңында тұрғындарға вакцина салу басталды. Осы күнге дейін 254 мыңнан аса адам екпе алды.
Ләйлә Иманғалиева, Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Н3N2 типті тұмаудың тек 13 расталған жағдайы тіркелді. Барлық пациенттерге емдеу тағайындалды, жағдайлары қанағаттанарлық. Қалада ринавирус, бокавирус, энуевирус, адинавирус, парагрип және тұмау сынды, корновирус секілді басқа да ЖРВИ вирустары қатар жүр.
Қарлығаш Әбдірахманова, Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы бас директорының орынбасары:
- Ол да жаңағы дене қызуының көтерілуімен, катералдық симптомдарымен, жөтеледі бала, ентігу болады, дене қызуы көтеріледі, қызу, іш өту белгілері де болуы мүмкін өзгерістері. Алайда ол қалыпты жағдай да ЖРВИ, тұмау деп айтамыз қазір. Ол симптомдар оларда да кездеседі.